«Астана Су Арнасы» МКК су есептегіштерін орнату бойынша заңды талаптар

 

Астана Су Арнасы МКК Астана тұрғындарынан пәтерлеріне су шығындарының көрсеткіштерін қашықтықтан есептеу үшін су есептегіштерге радиомодуль алуға және орнатуға міндеттеу құқығына ие ме? Бір радиомодульдің бағасы 50 000 теңгені құрайды.

ҚР 3.01-01Ас-2007 СНиП 14.11.7 ережесі бойынша Астана қаласының жоспарлау және құрылыс барлық жеке меншік формалардың тұрғын үй пәтерлерінде тек су көрсеткіштерін қашықтықтан шешу есептегіштерін ғана орнатуды қарастырмау керек, сонымен қатар электр қуаты мен газ көрстекіштерін қашықтықтан шешетін есептегіштерді де орнату қажет. Одан басқа, 2012 жылғы 28 сәуірдегі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының №167 бұйрығымен бекітілген сумен жабдықтау және суды өткізу жүйелерінде коммерциялық су есептеу құралдарын таңдау, монтаждау және пайдалану бойынша Әдістемелік нұсқаулары бар. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ай сайын су тұтыну көлеміне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне дифференциалды тарифтерді қолдану ескерілген, бұл өз алдына ақпараттық өлшеу жүйелеріне көрсеткіштерді қашықтықтан жеткізу мүмкіндігімен су есептегіш құралдарды күнделікті енгізуді талап етеді. Сонымен қатар, нұсқаулардың 7.1.10 пунктіне сәйкес 6.1.3. пунктінде көрсетілгендей жеке немесе жалпы тұрғын үйде су есептеу құралдары орнатылған жағдайда, қашықтықтан ақпаратты жеткізу жағынан минималды және жеткілікті шарты ретінде есептеу құралында импульстік жолдың бар болуы жеткілікті. Қызмет көрсетуші ИИС орнату үшін өзіне су есептегітердің импульстік жолдарын қосуды таңдайды. Осылайша, радиомодульді қоспай-ақ су есептегіштерге арналған импульстік жолдарды орнатуға болады.

перейти
Аты-жөні *
E-mail
Хабарлама *