Су Астана тұрғындары үшін екі есе қымбаттайды

 

Су есептеу құралдарын орнатпаған Астана тұрғындары, сумен жабдықтау және су тарту жүйесі үшін екі есе қымбат төлейді деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Жеке су есептеу құралдары жоқ тұтынушылар суға көбірек ақша төлейді. Бұл жерде тарифтың қымбаттауы емес, ал қызметті есептегендегі су тұтынудың жаңа нормаларын қолдану болып табылады. Бұл жаңа есеп жеке тұрғын-үй кешендерінде тұратын халықты су есептеу құралдарын орнатуға итермелейді» - деп хабарлайды «Астана Су Арнасының» баспасөз қызметі. 2018 жылғы 30 қаңтардың №1157 нормасы әділет органдарында тіркелген және Астана әкімшілігінің №367-70 қаулысымен бекітілген. Яғни, жаңа тариф бойынша су тұтыну осы жылдың ақпан айынан есептелінеді. Бұл норманы енгізу су тұтынудың 100 пайызға қымбаттауына әкеледі. Бұл шара суды есептеу құралдары бойынша есеп жүргізетін тұтынушыларға және заңды тұлғаларға қатысты болмайды. Тариф өзгеріссіз қалады. Алдын-ала есепту бойынша, жеке меншік тұрғын секторларының иелері үшін бір адам басына бағасы 1500 теңгені құрайды. Бұл көбінесе Қараөткел, Оңтүстік-Шығыс және Көктал аймақтарына қатысты болады» - деп мекемеде атап өтті. Астана Су Арнасында жеке есептеу құралдарын орнату әр тұтынушының заңды міндеті болып табылады, одан басқа, есептеу құралдары шынымен суға төлер кезде ақшаны үнемдейді. Бүгінгі таңда, Астананың тұрғын үй секторларының жартысынан азына есептеу құралдары орнатылған. Су есептегіштері жоқ тұрғындардың саны 15мың-ға дейн жетіп отыр» - деп баспасөз қызметі хабарлайды.

перейти
Аты-жөні *
E-mail
Хабарлама *